2-қосымша
Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының
қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары
3-қосымша
Ғимараттар мен имараттардың көтерме элементтері ретінде
пайдаланылатын құрама құрылыс құрастырмалары сипаттамаларына
(қасиеттеріне) қойылатын қауіпсіздік талаптары
1. Қауіпсіздіктің осы талаптары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша кодтары бар (СЭҚ ТН): 9406 00 90, 7308 20, 7308 40, 7308 90, 7610, 4418 90, 6810 11 900, 6810 91, 6810 99, 7003, 7004, 7005, 7007 19, 7008, 7016 90 зауыттық жасалған құрама құрылыс құрастырмаларына қолданылады.
Осы құрылыс құрастырмаларының жекелеген сипаттамалары (қасиеттері) олардың ғимараттар мен ғимараттарды пайдалану процесінде бұзылуына себепкер болуы және адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдік және жануарлар әлемі үшін механикалық қауіптілік нысандары (бұзылған кездегі соққы әсері) болуы мүмкін.
2. Осы өнімдер сипаттамаларына (қасиеттеріне) мынадай ең төменгі қажетті талаптар белгіленеді: СЭҚ ТН 1-тармақта аталған кодтарына жататын құрама құрылыс құрастырмаларының арналуына сәйкес берік сипаттамалары, ал құрама темір бетон құрастырмаларының (СЭҚ ТН коды 6810 91, 9406 00 90) адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдік және жануарлар әлеміне механикалық (соққы) әсерінің мүмкіндігін қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды пайдаланудың нақты жағдайларында олардың бұзылуының алдын-алуға жеткілікті, қаттылық пен сызатқа төзімділігі болуға тиіс.
3. Қауіпсіздік көрсеткіштерінің нақтылы (егжей-тегжейлі) мәндері осы Техникалық регламентпен үйлестірілген көтерме құрамалы құрылыс құрастырмаларына арналған стандарттарда белгіленуі тиіс.
4. Ғимараттар мен ғимараттардың көтерме элементтері ретінде пайдаланылатын құрама құрылыс құрастырмаларының қауіпсіздігіне қатысты осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау мен растау мемлекеттік бақылау мен қадағалау, сондай-ақ сәйкестікті міндетті растау түрінде жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
6. Сәйкестікті міндетті растауға осы Техникалық регламентке 9-қосымшаның 1-кестесіне кіретін өнімдер жатады.
7. Сәйкестік сертификаты сәйкестікті растау схемасында белгіленген мерзімге беріледі.
8. Сәйкестікті растау рәсімдерінен өткен құрама құрылыс құрастырмалары сәйкестік белгісімен таңбаланады.
4-қосымша
Полимер, синтетикалық және басқа құрылыс материалдары,
бұйымдары мен құрастырмаларының сипаттамаларына (қасиеттеріне)
қойылатын қауіпсіздік талаптары
1. Қауіпсіздіктің осы талаптары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша кодтары бар (СЭҚ ТН) 3901-3914, 4002, 3917 31-40, 3920, 3921, 3921 90, 3916, 3919 10-90, 3918, 3922, 3925 10, 3925 20, 3925 30, 3925 90, 9406 00 90, 3917 10-29, 4003, 4008, 4010, 4016 91, 4412, 4410, 4411, 4408, 4413, 6807, 6809, 7019 31, 6806, 5904, 5705, 6812 полимер және синтетикалық құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларына қолданылады.
Осы құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларының жекелеген сипаттамалары (қасиеттері) адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдік және жануарлар әлемі үшін өрт және (немесе) химиялық қауіптілік нысандары болуы мүмкін.
2. Осы өнімдер сипаттамаларына (қасиеттеріне) мынадай ең төменгі қажетті талаптар белгіленеді: полимер, синтетикалық және құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларының адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдік және жануарлар әлеміне қауіпті және зиянды әсерлерін (оның ішінде өздігінен жануы салдарынан) болдырмауы қажет.
3. Қауіпсіздік көрсеткіштерінің нақтылы (егжей-тегжейлі) мәндері осы Техникалық регламентпен үйлестірілген полимер, синтетикалық және басқа да құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларына арналған стандарттарда белгіленуі тиіс.
4. Полимер, синтетикалық және басқа құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларының қауіпсіздігіне қатысты осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау мен растау мемлекеттік бақылау мен қадағалау, сәйкестікті міндетті растау түрінде жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Сәйкестікті міндетті растауға осы Техникалық регламентке 9-қосымшаны 1-кестесіне кіретін өнімдер жатады.
7. Сәйкестік сертификаты сәйкестікті растау сұлбасында белгіленген мерзімге беріледі.
8. Сәйкестік туралы декларацияны қабылдауға осы Техникалық регламентке 9-қосымшаның 1-кестесіне кіретін өнімдер жатады.
9. Сәйкестік туралы декларация осы өнімді шығарудың жоспарланған мерзіміне сүйене отыра дайындаушы (орындаушы) белгілеген, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге қабылданады.
10. Сәйкестікті растау рәсімдерінен өткен полимер, синтетикалық және басқа құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары сәйкестік белгісімен таңбаланады.
5-қосымша
Құрылыста пайдаланылатын химиялық өнімдер
сипаттамаларына (қасиеттеріне) қойылатын
қауіпсіздік талаптары
1. Қауіпсіздіктің осы талаптары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша кодтары бар (СЭҚ ТН ): 3209, 3208, 3207, 3210, 3211, 3212, 3214, 3814, 3213 90, 3501, 3505, 3506, 2817, 2823, 2819, 2820, 2824, 2821, 2822, 2825 20-40, 2825 60-90, 2914 11, 3204, 3206 химия өнеркәсібінің өнімдеріне жататын құрылыс материалдары мен бұйымдарына қолданылады.
Осы құрылыс құрастырмалары мен бұйымдарының жекелеген сипаттамалары (қасиеттері) адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдік және жануарлар әлемі үшін өрт және (немесе) химиялық қауіптілік, сондай-ақ жарылыс қауіптілігі нысандары болуы мүмкін.
2. Осы өнімдер сипаттамаларына (қасиеттеріне) мынадай ең төменгі қажетті талаптар белгіленеді: құрылыс материалдары мен бұйымдары өздігінен жану және жарылыс мүмкіндігі болмауға және адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдік және жануарлар әлеміне кері әсерін тигізетін мөлшерде, концентрацияда және үйлесімде қауіпті және зиянды заттар бөлмеуге тиіс.
3. Қауіпсіздік көрсеткіштерінің нақтылы (егжей-тегжейлі) мәндері осы Техникалық регламентпен үйлестірілген құрылыс материалдары мен бұйымдарына - химия өнеркәсібі өнімдеріне арналған стандарттарда белгіленуі керек.
4. Құрылыс материалдары мен бұйымдарының - химия өнеркәсібі өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау мен растау мемлекеттік бақылау мен қадағалау, сәйкестікті міндетті растау түрінде жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Сәйкестікті міндетті растауға осы Техникалық регламентке 9-қосымшаның 1-кестесіне кіретін өнімдер жатады.
7. Сәйкестік сертификаты сәйкестікті растау сұлбасында белгіленген мерзімге беріледі.
8. Сәйкестікті растау рәсімдерінен өткен құрылыс материалдары мен бұйымдары - химия өнеркәсібі өнімдері сәйкестік белгісімен таңбаланады.
6-қосымша
Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың құрылысында
пайдаланылатын құрылыс материалдары, бұйымдары мен
құрастырмалары сипаттамаларына (қасиеттеріне) қойылатын
қауіпсіздік талаптары
1. Қауіпсіздіктің осы талаптары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша кодтары бар (СЭҚ ТН): 2515, 2516, 2517, 6801-6802, 6815, 2523 10, 2523 90, 2523 30, 3816, 2523, 2522, 2520, 6901-6904, 6808, 6809, 3816, 3824 50, 2520 20, 6810, 6907, 6908, 6905, 6901, 6806, 6811, 6812, 2524 00, 6810, 7005, 7004, 7003, 7007 19, 7008, 7016, 7014 00, 9406, 7303, 7610, 7308 тұрғын және қоғамдық ғимараттардың құрылысында пайдаланылатын құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларына қолданылады.
2. Осы өнімдер сипаттамаларына (қасиеттеріне) қауіпсіздіктің мынадай ең төменгі қажетті талаптары белгіленеді: құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларының рұқсат етілген мәндерден аспайтын табиғи радионуклеидтерінің меншікті тиімді белсенділігінің деңгейі радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және осы үйлерде тұратын немесе жүретін адамдар, жануарлар мен өсімдіктер үшін қауіпті және (немесе) қолайсыз жағдайларды жасамауға тиіс.
3. Қауіпсіздік көрсеткіштерінің үйлестірілген нақтылы (егжей-тегжейлі) мәндері осы Техникалық регламентпен (тұрғын және қоғамдық ғимараттар құрылысында пайдаланылатын) құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларына арналған стандарттарда белгіленуі тиіс.
4. Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың құрылысында пайдаланылатын құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларының қауіпсіздігіне қатысты осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау мен растау мемлекеттік бақылау мен қадағалау, сәйкестікті міндетті растау түрінде жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Сәйкестікті міндетті растауға осы Техникалық регламенттің 9-қосымшасының 1-кестесіне кіретін өнімдер жатады.
7. Сәйкестік сертификаты сәйкестікті растау сұлбасында белгіленген мерзімге беріледі.
8. Сәйкестік туралы декларацияны қабылдауға осы Техникалық регламентке 9-қосымшаның 2-кестесіне кіретін өнімдер жатады.
9. Сәйкестік туралы декларация осы өнімді шығарудың жоспарланған мерзіміне сүйене отыра дайындаушы (орындаушы) белгілеген, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге қабылданады.
10. Сәйкестікті растау рәсімдерінен өткен құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары сәйкестік белгісімен таңбаланады.
7-қосымша
Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың сыртқы қоршау
құрастырмаларында пайдаланылатын құрылыс материалдары,
бұйымдары мен құрастырмалары сипаттамаларына
(қасиеттеріне) қойылатын қауіпсіздік талаптары
1. Қауіпсіздіктің осы талаптары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша кодтары бар (СЭҚ ТН): 4418 10, 4418 20, 3925 20, 3925 30, 6904, 6905, 6810, 6809, 7019 3-90, 6806, 6808, 6811, 6802, 3916, 3920, 3921 1, 3921 90, 3918, 3925 90, 9406 00, 7003, 7004, 7005, 7007 19, 7008, 7014, 7016, 6901, 3816, 6815, 6907, 6908, 2523 2-90, 2522, 2520 20, 3824 40, 3824 50, 7308 30, 7610 10 тұрғын және қоғамдық ғимараттардың сыртқы қоршау құрастырмаларында пайдаланылатын құрылыс материалдары мен бұйымдарына қолданылады.
Осы құрылыс құрастырмалары, бұйымдары мен құрастырмаларының жекелеген сипаттамалары (қасиеттері) тұрғын немесе қоғамдық ғимараттарда тұратын немесе жүретін адамдар, жануарлар және өсімдіктер үшін гигиеналық қауіпсіздік талаптарының орындалмауына себеп болуы мүмкін.
2. Осы өнімдер сипаттамаларына (қасиеттеріне) мынадай ең төменгі қажетті талаптар белгіленеді: құрылыс материалдары мен бұйымдары ішкі үйлердің дыбыс оқшаулағышының қажетті деңгейін қамтамасыз етуі және жылу өткізуге кедергі келтіру, су және ауаның өтімділігі параметрлері бойынша осы үйлерде тұратын немесе жүретін адамдар, жануарлар мен өсімдіктер үшін қауіпті және (немесе) қолайсыз жағдайларды жасамау қажет.
3. Қауіпсіздік көрсеткіштерінің нақтылы (егжей-тегжейлі) мәндері осы Техникалық регламентпен үйлестірілген (тұрғын және қоғамдық ғимараттардың сыртқы қоршау құрастырмаларында пайдаланылатын) құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларына арналған стандарттарда белгіленуі тиіс.
4. Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың сыртқы қоршау құрастырмаларында пайдаланылатын құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларына қатысты осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау мен растау мемлекеттік бақылау мен қадағалау, сәйкестікті міндетті растау түрінде жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Сәйкестікті міндетті растауға осы Техникалық регламенттің 9-қосымшаның 1-кестесіне кіретін өнімдер жатады.
7. Сәйкестік сертификаты сәйкестікті растау сұлбасында белгіленген мерзімге беріледі.
8. Сәйкестік туралы декларацияны қабылдауға осы Техникалық регламентке 9-қосымшаның 2-кестесіне кіретін өнімдер жатады.
9. Сәйкестік туралы декларация осы өнімді шығарудың жоспарланған мерзіміне сүйене отыра дайындаушы (орындаушы) белгілеген, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге қабылданады.
10. Сәйкестікті растау рәсімдерінен өткен құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары сәйкестік белгісімен таңбаланады.
8-қосымша
Өнімдер сипаттамаларына (қасиеттеріне) қойылатын
қауіпсіздік талаптары белгіленетін құрылыс материалдары,
бұйымдары мен құрастырмалары түрлерінің (топтарының) тізбесі
9-қосымша
Сәйкестікті міндетті растауға жататын құрылыс
материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының тізбесі
1-кесте
Сәйкестігі сәйкестік туралы декларациямен расталуы
мүмкін өнімдер тізбесі
2-кесте
10-қосымша
Сәйкестікті міндетті растау кезінде расталатын құрылыс
материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары сипаттамаларының
(қасиеттерінің) қауіпсіздік көрсеткіштерінің тізбесі